Өрт

Алматыда көлік жөндеу орталығы өртеніп, көліктер жанып кетті (видео)

Экспресс К

Видеодан кадр

Ерменсай шағын ауданында орналасқан көлік жөндеу орталығы мен ондағы үш жеңіл көлік жанып кетті.

Бұл туралы Алматы облыстық ПД өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше шеберхананың екі бөлмесі мен екінші қабаттағы тұрғын бөлмелер түгелдей жанып кетті. Өртті бірінші болып байқаған көрші бірден көмекке келген. Бірінші қабат толғымен отқа оранғандықтан шеберхана иесінің әйелі мен баласы үй-жайдан шыға алмады. Ер адам алдымен баланы, кейін әйелді сыртқа шығарды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері әйел мен баланы ауруханаға алып кетті.

Үй, сонымен қатар, шеберханадағы үш көліп түгелдей жанып кетті. 100 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіру үшін 5 өрт сөндіру тобы жұмылдырылды.

Өрттің шығуына не себеп болғаны қазір анықталып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров