Қант
"Елде қант тапшылығы жоқ" - Сауда министрлігі


Pixabay
Министрліктегілер қант қоры жеткілікті екенін айтып, халықтың дүрлікпеуін сұрады.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.
"Ауыл шаруашылығы мен Сауда министрлігі мәлімдегендей, елімізде қант тапшылығы жоқ. Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. "Үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады" деген ақпарат шындыққа жанаспайды",- делінген жазбада.
Сондай-ақ, ол қатар қант өндірісінің тоқтамай жалғасып жатқанын, алдағы уақытта қор толтырылып отыратынын айтты.
Бұған дейін Экспресс К Көкшетауда қант бағасының шарықтағаны туралы жазған болатын.
Бөлісу