Ресей

Ресей мен Украина видео байланыс арқылы келіссөз жүргізді

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков төртінші мәрте жүргізіліп жатқан келіссөз туралы ақпаратты растады.

Ресей мен Украина делегациясы видео байланыс арқылы сөйлесіп, келіссөз өткізді, деп хабарлайды Экспресс К Интерфаксқа сілтеме жасап.

Владимир Мединский бастаған делегация Украина өкілдерімен видео байланыс арқылы келіссөз жүргізіп жатыр. Әзірге жағдайға егжей-тегжейлі түсінік бере алмаймыз,

— деді Дмитрий Песков.

Дмитрий Песков мұны Беларус аумағында үш мәрте өткен Ресей мен Украина делегациясы арасындағы келіссөздердің жалғасы екенін айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров