Азық-түлік

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,2%-ға қымбаттады

Экспресс К

© ЭК

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Президенттің жыл басында берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді.

Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азық-түлік қауіпсіздігі және монополияға қарсы әрекет ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Экспресс К Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті. Оның ішінде қырыққабат 1,6%-ға, қант 0,6%-ға және картоп 0,5%-ға қымбаттаған. Өңірлер арасында бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуі Маңғыстау облысында тіркелді, онда баға 0,8%-ға, Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4%-ға көтерілгені байқалды.

Премьер-Министрдің орынбасары аталған өңірлердегі әкімдіктердің жұмысын сынға алып, азық-түліктің әрбір атауы бойынша бағаны бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ сауда субъектілерінің рұқсат етілген сауда үстемесін сақтауын бақылау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді тапсырды.

Кеңес барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілі Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетпен әлеуметтік маңыз бар азық-түлік бағасын көтеру бойынша және Маңғыстау, Алматы облыстарында тыңайтқыш өндіруге қатысты жұмыс жалғасып жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар Ақмола облысында нан өндірушіге және Жамбыл облысында қант зауытына қатысты 2 тергеу аяқталды.

Бақыт Сұлтанов тиісті шаралар қабылдай отырып, баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтуді тапсырды. Түркістан облысының әкімдігіне Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылық министрлігі бірлесіп, өңірлерге ерте пісетін көкөністерді, соның ішінде қырыққабатты жеткізуді тапсырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров