Ақтауда адамдар сауда үйінен эвакуацияланды (видео)

Экспресс К

Видеодан кадр

Қаладағы "Астана" сауда үйінің бірінші қабаты түтінденген көрінеді.

Бұл туралы Lada.kz сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

12 наурыз күні сағат 20:36 шамасында 14 шағын ауданда орналасқан "Астана" сауда үйінің бірінші қабаты түтіндегені туралы хабар түсті,

— деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің басшысы Мұрат Мұханов.

Құтқарушылар адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. Олар барлығы 260 адамды эвакуациялады, оның 130-ы бала.

Оқиға орнында 16 құтқарушы мен 4 полиция қызметкері жұмыс істеп жатыр. Өрт ошағы анықталуда,

— деді Мұрат Мұханов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров