Ауа райы

"Қазгидромет": Жел күшейіп, тұман түседі

Экспресс К

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Республиканың кей өңірлерінде жауын жауып, көктайғақ болады.

Синоптиктер 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде найзағай ойнап, жел екпіні секундына 15-23 метрге күшейеді.

Ақмола, Павлодар облыстарының оңтүстік жартысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында бұрқасын соғып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының батысында тұман түседі. Атырау, Маңғыстау облыстарының солтүстігі мен батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстігінде бұрқасын соғады.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз облыстың шығысында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел секундына 15-25 метр жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында — тұман түсіп, орталығында, оңтүстігі мен шығысында — бұрқасын соғып, желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде — көктайғақ болып, тұман түседі. Күндіз облыс орталығында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығында — көктайғақ болып, бұрқасын жел соғады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров