Ырым

Шұжықты баланың басына қойып кесетін жаңа ырым шықты

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде кішкентай бүлдіршіннің басына шұжық қойып, оны пышақпен тілгілейтін жаңа ырымның видеосы тарады.

Мұндай ырымға көпшілік таңданыс білдірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбада анасының алдында отырғызып қойған бүлдіршіннің басына шұжықты қояды. Одан соң орамал таққан әйел "бісміллә" деп айтып, қолындағы пышақпен шұжықтың әр жерінен кесе бастайды.

"Мыналар қуды. Енді басына жұмыртқа жармаса болар", "Ата-бабамыз мұны көрсе, есінен танатын шығар", "Іштері пысқаннан, жаңа ырым шығарып алған шығар"

— деп жазды пікір білдірушілер

ЭК-да бұған дейін баланы астың үстіне отырғызып қоятын түсініксіз ырым туралы да жарияланды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров