Атырау облысы әкімінің орынбасары 10 жылға сотталуы мүмкін

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен сотталып жатқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевты прокурор 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Әкімнің орынбасары өзіне тағылған айыппен келіспейді, деп хабарлайды Экспресс К.

Облыс әкімнің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған. Шенеунікке 83 млн 700 мың теңге көлеміндегі инвестициялық субсидияларды "Бұйырғын" ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне заңсыз төлеу дерегі бойынша бюджет қаражатын ысырап етті деген айып тағылды. Ол қамауға алынбады.

Өткен аптадағы сот отырысында прокурор Қайрат Нұрлыбаевты ҚК 189 бабының 4 бөлімімен (Аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды сұрады. Егер сотталса жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Ал оның сыбайласы "Бұйырғын" ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің директорын жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Сот үкімді келесі аптада шығаруып қалуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров