Айдос Сарым

Айдос Сарым: "Қазақ тарихы мифтен құралған"

Фархат ӘБІЛОВ

Айдос Сарым

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қазақтардың тарих оқымағанын және қазақ тарихы мифтан құралғанын айтты.

Оның бұл сөзі желі қолданушыларының ашуын туғызды, деп хабарлайды Экспресс К.

Біздің қазақ тарихын да оқымаған. Біздің қазақтың басындағы тарихы — мифтен құралған жалған тарих. Миф екенін тарихшы ретінде дәлелдеп тастай аламын. Қазақтың жері Байкалда... Сол сияқты жартысы миф,

— деді Айдос Сарым.

"Сонда біздің бабамыз батыр болмаған ба?" — деп сұрайды журналист Нартай Аралбайұлы.

Жоқ, батыр болған, керемет дәулет құрған. Бірақ біз ойлап жүргендей алтын ғасыр болмаған,

дейді ел қалаулысы.

Депутат Айдос Сарым бұл сөзінің әлеуметтік желіде қызу талқыға түсетінін біліп, "Талап жесін" деді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров