Ескерткіш

Қызылордада кеңес көсемдері Ленин, Сталиндердің ескерткіші алаңнан алынбай тұр

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Facebook.com

Қызылорда облысына қарасты Қазалы қаласының қақ ортасындағы алаңда кеңес одағы басшыларының ескерткіштері әлі күнге бар.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл бюсттардың бүгінге дейін тұрғанына қарсылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Facebook.comFacebook.com
Facebook.com

Қазалыдағы демалыс орынының төрінде қолын жоғары көтерген сол уақытта "күн көсемі" деп аталған Лениннің ескеркіші орнатылған. Одан бөлек сол заманда өмір сүрген кеңес одағының бірнеше тұлғаларына да бъюст қойылған. Желі қолданушылары өскелең ұрпаққа қазір орыс көсемдерінен гөрі, қазақтың батырларын дәріптеген дұрыс деп есептейді.

Қазақ халқын геноцидке ұшыратқандардың сұлбасы біз туған қасиетті топырақта қаздиып тұруының себебі неде?

Міне, осындай мәселе еркін елдің естияр азаматы, Қазалы ауданының тұрғыны ретінде көкейде сауал туындатады!

Кеңестік кезеңде өмір сүрген тұлғалардың ескерткішін алып тастауды басқа да желі қолданушылары қолдап отыр.

Facebook.comFacebook.com
Facebook.com

"Қазалы әлі коммунизмнен шықпаған ба? Алып тастау керек", "Мынау деген сұмдық қой. Қазақылығы басым елде әлі КСРО-ны дәріптеп отырғандары несі?"

-деді пікір білдірушілер

Әкімдіктен әзірге жауап болмады.

Facebook.comFacebook.com
Facebook.com

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров