Қазақстан жаңалықтары

"Жаңа Қазақстан х*й құрылады". Шымкенттік басшының пікірі

Фархат ӘБІЛОВ

Шымкент қалалық Жастар ресурсы орталығы директорының орынбасары Сейіт Ермаханов әлеуметтік желіде “Жаңа Қазақстан х*й құрылады” деген пікір қалдырған.

Оның пікірі көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желідегі оқырманның жазбасының астына Шымкент қалалық Жастар ресурсы орталығы директорының орынбасары Сейіт Ермаханов "Бір жерін үйіне барып бір шөлп еткізіп қайтпадың ба? Сен сияқты бейшаралар тұрғанда, жаңа Қазақстан х*й құрылады?" деп жазған.

Оның пікіріне ашуланған Сардар Әбдіжақия есімді желі қолданушысы "Мемлекеттік қызметтегілер жаңа Қазақстанды "х*й" — деп бастаса, басқасынан не күтеміз? Мемлекет басшысымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының еңбегін "х*й" деп бағалағысы келді ме әлде? Жаңа Қазақстанды "х*йсыз" құрайық, Үкімет" деп жазып, Ақорданы белгілеп кетті.

ЭК тілшісі балағат сөз жазған Жастар ресурсы орталығы директорының орынбасары Сейіт Ермахановқа қоңырау шалып еді, ол ұялы телефонын көтермеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров