Ресей

"Аузыңды жап, шал!" Орыс қызы Зюгановқа қазақшалап ұрсып тастады (видео)

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Қазақстандық блогер Ресейдегі Коммунистік партия басшысы, Дума депутаты Геннадий Зюгановқа жауап берді.

Орыс қызының көрші елдің депутатына ұрысып жатқан бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

Онда бойжеткен Зюгановтың мәлімдемесіне қарап отырып, "біз Қазақстанда тып-тыныш, шәй ішіп, тату өмір сүріп жатырмыз" дейді.

Мынау шал не деп жатыр? Басымды қатырмашы. Аузыңды жауып жүрмейсің бе, шал?

— деп жекіп тастайды

Айта кетейік, ресейлік саясаткер Геннадий Зюганов Қазақстандағы орыстілді азаматтарды ұлтшылдардан қорғау керек деген болатын. Оған қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі де жауап берді. Одан бөлек елімізде тұрып жатқан орыстілді блогерлер Зюгановтың пікіріне қарсы екенін білдірген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров