Ресей

Ресей мен Украина бітімгерлікке жақындады - Подоляк

Экспресс К

Михаил Подоляк / © AP

Украинаның бас кеңсе кеңесшісі Михаил Подоляк қазіргі уақытта Ресей әскерінің шабуылын тоқтату және келісімге келу мәселелері талқыланып жатқанын айтты.

Сондай-ақ кеңесші Коммерсанть газетіне берген сұхбатында Ресей әскерін елден шығаруға ымыраласып жатқандарын жеткізген, деп хабарлайды Экспресс К.

Біздің Украинаға соққыны тоқтатуға және мұндай оқиғалардың қайталанбауы керектігі жөнінде шарттарымыз бар,

— дейді Михаил Подоляк

telegramtelegram
telegram

Оның айтуынша, Ресей тарапы қазір қақтығысқа адекватты қарай бастаған. Бірақ "олар бұл ауыртпалықтың Украинаға емес, Ресейге түсетінін 100 пайыз түсіну үшін әлі де уақыт керек" дейді ол.

Сонымен қоса, қазір екі ел он шақты ұсыныс бойынша талқылау жүргізіп жатыр. Делегация басшысы барлығы да оқ жаудыруды тоқтатып, қарулы күштерді Украинадан шығаруға байланысты екенін айтады.

Қазір қорытынды құжаттарды жұмыс тобы құқықтық тұрғыда қарап жатыр. Дайын болған уақытта кездесу келіссөзінің төртінші раунды белгіленеді,

— дейді Михаил Подоляк

Оның айтуынша, төртінші раунд алдағы аптада болуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров