Ипотека

Елімізде ипотека алу шарттары қиындады

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Теңге күн өткен сайын құнсызданып барады. 24 ақпанда Ұлттық банктің базалық ставканы кезектен тыс 13,5 пайыз деңгейіне көтергені мәлім.

Экспресс К тілшісі бұл шешімнің екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылатын ипотекалық несие рәсімдеу шарттарына қаншалықты әсер еткенін зерттеп көрді.

Ұлттық банктің базалық ставканы көтеруі ағымдағы ипотекалық бағдарламалардың шарттарын өзгертуге себеп болғанымен, мемлекет тарапынан бөлінетін кредит жүйесіне әсер етпеген.

"Сіз жалақыңызды біздің банктің картасымен алатын болсаңыз және пәтерді жаңа тұрғызылған үйден емес, қолдан алуға шешім қабылдасаңыз, қазіргі ставка — 18%. Бұрын біз екінші реттік пәтерлерге 13 % белгілейтінбіз. Ал жалақыны басқа банктен алатын болсаңыз ендігі пайыздық көрсеткіш — 23 %. Бұрын 19 % болатын. Ипотеканың мерзімі мен алғашқы жарнаның шарттары өзгерген жоқ", — деп мәлімдеді Халық банкінің қызметкері.

"ЦентрКредит" банкі ставканы төмендегі тәртіппен белгілеп отыр:

— Несие алушының төлем мүмкіндігін ескере отырып қарыздың мерзімі 10 жылды құраса — ставка 13%,

— Несие алушының төлем мүмкіндігін есепке алмай қарыздың мерзімін 15 жылға белгілесе — ставка 19% деңгейінде болмақ,

Сбербанк қызметкерлері де тұрғын үй сатып алу бағдарламаларын қаржыландыру тәртібінің өзгергенін айтады. Мұндағы ставка 4 пайызға дейін өскен.

Ұлттық банктің шешімінен кейін біздің ставкамыз да өсті. Енді сіз ипотеканы 20 жылға рәсімдесеңіз несиеңізді 21,2%, 15 жылға рәсімдесеңіз — 19,5% өлшеммен төлейтін боласыз,

— дейді банк сарапшысы.

Ұлттық банк базалық ставканы өзгерткенде бір АҚШ долларының құны 452 теңгені құраған. Қазір америкалық валютаның ресми бағамы 524 теңгеге жетті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров