Шоу-бизнес

Қазақ эстрадасындағы қыздардың 90 пайызы жезөкше - композитор (видео)

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде эстрада әншілері туралы өз ойын ашық айтқан композитор Қалдыбек Құрманәлінің видеосы тарады.

Онда композитор қазір әнші қыздардың барлығы дерлік жеңіл жүрісті деп айыптаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазір қазақ эстрадасындағы әншілердің 90-95 пайызы жезөкше деп айттым. Маған "қорықпайсыз ба, ертең сотқа бермей ме?" дейді. "Сотқа беретін болса, оның аты-жөнімен айтамын" дедім,

— дейді Қалдыбек Құрманәлі

Сондай-ақ қазір әншілердің өнеріне қарағанда, олардың қанша ойнасы бар жұрт соған қарайды деп ашынды композитор. Ал Қалдыбек Құрманәлінің бұл пікірін желі қолданушылары арасында қолдағандар да болды.

"Бұл кісі рас айтты. Сахнаны тазалау керек", "Жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды. Әркіммен жатып, танылғандар көп бізде", "Рас болса, рас шығар. Әркім өз күнәсін арқалайды ғой"

— деп жазды пікір білдірушілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров