Жол апаты

Ақтауда жеңіл көлік алып әскери техниканың астына кіріп кетті (видео)

Экспресс К

Видеодан кадр

Айдың күннің аманында БТР мен автокөлік соқтығысып қалды. Тараған бейнежазбадан жеңіл көлік пен техниканың бір-біріне қарама-қарсы келіп соғылғаны көрінеді.

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Жол апатының бейнежазбасы Ладаkz Резерв арнасында тарады.

Апаттың қатты болғаны соншалық автокөліктің алдыңғы жақ беті БТР-дың астына кіріп кеткен. Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ дейді. Алайда әзірге бұдан бөлек толық ақпарат бермей отыр.

Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Сондықтан қалай болғаны жөнінде әзірге нақты мәлімет айта алмаймыз,

— дейді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров