Шенеуніктер

"Жаңа Қазақстан х*й құрылады" деген шымкенттік шенеунік кешірім сұрады

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Сейіт Ермаханов әлеуметтік желідегі былапыт пікірі үшін кешірім сұрады.

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

"Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! Әлеуметтік желіде жазған сөзім үшін баршаңыздан кешірім сұраймын. Жаңа Қазақстанды құру — әрбіріміздің міндетіміз" деп жазды ол.

Экспресс К бұған дейін Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары желі қолданушысының жазбасына "Бір жерін үйіне барып бір шөлп еткізіп қайтпадың ба? Сен сияқты бейшаралар тұрғанда, жаңа Қазақстан х*й құрылады?" деп пікір қалдырғаны туралы жазған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров