Елбасы

"Мынау көрімдігің! Қалтаңа салып қой". Тұрғын Назарбаевқа ақша берді (видео)

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан отыз жыл бұрын Қостанай облысына барғанда қарсы алған тұрғындардың бірі оған сәттілік тілеп, қызметіне көрімдік берген.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қостанай облысына барған кезінде оған тұрғындардың бірі көрімдік берген, деп хабарлайды Экспресс К.

Желіде тараған бейнежазбада Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанай облысына барған сапары барысынан сюжеттер берілген. Облысқа келген сол кездегі мемлекет басшысын өңір әкімі болған Балташ Тұрсымбаев күтіп алып, халықпен кездесуге ертіп барады.

Қарағым, бағытың, қадамың қайырлы болсын! Мынау көрімдігің, қалтаңа салып қой!

— дейді бір әйел кездесуде.

Бұған Назарбаев тек бір ауыз сөзбен "рахмет" деп алғыс айтып, ақшаны қалтасына салады. Соңынан танымал айтыс ақыны Әсия Беркенова президентке арнау айтқан екен.

Аталған бейнежазбаға әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. "Апам взятка беріп жіберді" десе, енді бірі "Осы уақытта Назарбаев басқаша болған", "Ақшаны зыңқ еткізді", "Шіркін, қостанайлықтардың пейілі кең ғой" деп жүрекжарды лебізін білдірген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров