Әлем

Украинадағы соғыс кезінде әйгілі басылымның журналисі қаза тапты (видео)

Экспресс К

Тelegram/UkrainaOnlline

Ирпен қаласында америкалық New York Times басылымының тілшісі оққа ұшты. Жараланған тағы бір журналист ауруханаға жеткізілді.

Охматдет ауруханасына жеткізілген америкалық журниалиске медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К Украина Online Telegram-каналына сілтеме жасап.

New York Times басылымының өкілі соғыс кезінде мерт болған 51 жастағы Брент Реноның өлімі туралы хабардар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, тілші аталған басылымда қызмет етпеген.

Марқұмның денесін соғыс аймағынан алып шығуға тырысуда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров