Қайрат Сатыбалды

Қайрат Сатыбалды қамауға алынды

Бек ТӨЛЕУОВ

Қайрат Сатыбалды

Елбасының немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау деректері бойынша қылмыстық істі тергеуде. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды",- делінген хабарламада.

Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды делінген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров