Қайрат Сатыбалды Түркияға ұшатын кезде ұсталды - дереккөз

Бек ТӨЛЕУОВ

Telegram

Әлеуметтік желіде Қайрат Сатыбалдының ұсталған сәтінен сурет тарады.

Суретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлерінің күдіктіні көлікке отырғызғанын байқауға болады, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайрат Сатыбалды жеке ұшағымен Алматыдан Түркияға ұшпақшы болған, деп жазды yyedilov арнасы.

Telegram арналар Елбасының немере інісі Алматы әуежайының VIP терминалында сағат 17:00 шамасында ұсталғанын жазып жатыр. Оны "Антикор" орталық аппаратының қызметкерлері қолға түсірген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Алматы өкілдігінің қызметкерлері бұл операциядан хабарсыз болған.

Айта кетейік, бұған дейін Сатыбалдының "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау деректері бойынша ұсталғанын жазғанбыз. Соңғы мәліметтерге сенсек, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров