Қазақстан Украина халқына гуманитарлық көмек жібереді


Әлеуметтік желіден
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі Украинағадәрі-дәрмек түрінде гуманитарлық көмек жібереді.
ҚР Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар партиясын бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Экспресс К ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына сілтеме жасап.
"Денсаулық сақтау министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп Алматы — Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырды. Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылғы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберілетін болады",- делінген хабарламада.
Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тонна. Оның ішінде 17 түрлі дәрі-дәрмектер: антибиотиктер, қабынуға қарсы, антитуссивті және антигипертезивті дәрілер бар.
Бөлісу