"Путин Зеленскиймен кездесуге қарсы емес" - Түрік министрі

Экспресс К

Владимир Путин/Владимир Зеленский

Түрік президентімен телефон арқылы сөйлескен Владимир Путин Зеленскиймен кездесуге қарсы емес екенін айтты.

Бұл туралы Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлюд Чавушоғлы 13 наурызда Антальяда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, Түркия Президенті Режеп Ердоған Ресейге салынған санкцияларды сынға алды. Сондай-ақ, ол Ресейге санкция салумен мәселе шешілмейтінін атап өтті.

"Путин Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлескен кезде Зеленскиймен кездесуге қарсы емес екенін айтты. Лавров мұны баспасөз конференциясында да атап өтті. Украина тарапы да кездесуге дайын. Бір жағы Киев пен Мәскеу арасында техникалық және басқа да мәселе бойынша келіссөз жүріп жатыр", — деді Мевлюд Чавушоғлы.

Министр қос тараптың та Түркияға бейтарап ел ретінде сенетінін атап өтті.

Ресей мен Украина арасында жүріп жатқан келіссөздерді назарға алған Түркия министрі екі жақ бірқатар мәселелер қатысты мәмілеге келетінін айтты.

Жақын арада жағдай орнығады деп сенеміз. Келіссөздердің оң нәтиже беретінін Путин де айтқан болатын,

— деді министр өз сөзінде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров