Оралда сәби эскалаторда тұрған анасының қолынан құлап кетті (видео)

Экспресс К

Видеодан кадр

9 айлық қыз бірінші қабаттан екіншіге көтеріле бергендегі эскалатордың қоршауынан құлап кеткен. Сәбидің қазіргі жағдайы өте ауыр.

Қыз бала сауда орталығындағы эскалаторда тұрған анасының қолынан құлап кетті, деп хабарлайды Экспресс К "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай "Asia Mall" сауда-ойын-сауық орталағында сағат 14:20 шамасында болған.

Көпбейінді ауруханаға жеткізілген баланың жағдайы тым ауыр. Дәрігерлер тоғыз айлық баланың өмірі үшін күресіп жатыр.

Сәби ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Оған бас сүйектің жабық жарақаты, ми шайқалу және қан құйылу деген болжамды диагноз қойылды,

— деді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Аталған дерек бойынша Орал қаласы полиция басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров