Ұлттық ұлан

Ұлттық ұлан жауынгерлері бір күнде екі оқиғаның алдын алды

Экспресс К

Әскери бөлімнің баспасөз қызметі

Шымкенттің Еңбекші ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген сарбаздар пышақ ұстаған ер адамды тұтқындады.

6506 әскери бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, олар кешкі уақытта пышақ ұстаған ер адамның айналадағы адамдардың мазасын алып жатқанын байқады, деп хабарлайды Экспресс К. Әскери жасақ тәртіп бұзушыны бірден ұстап, оқиға орнына полиция шақырған.

Біз белгіленген бағыт бойынша қызмет атқарып жүргенбіз. Белгісіз азаматтың бұзақылық әрекетін көріп, оны тұтқындадық. Себебі, тұрғындарды қауіптен сақтау — біздің міндетіміз,

—дейді әскери жасақ бастығы Александр Казеев.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дәл осы кеште, сағат 19.30 шамасында 6506 әскери бөлімнің тағы бір жасағы адасып қалған 6 жасар баланы кездестірді. Ойынның қызығына түскен бала, ауданнан ұзап кеткен көрінеді. Мән-жайды нақтылаған әскерилер бүлдіршіннің үйін тауып, ата-анасына тапсырады.

Қызметтің әр сәті маңызды. Қай уақытта қандай оқиға орын аларын алдын-ала білмейсің. Сондықтан, үнемі байқампаз, сақ, қырағы болу — ұландықтарға қойылатын негізгі талап,

— деді жасақ бастығы қатардағы Дидар Қозыбай.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров