Роналду

Криштиану Роналду тағы да рекорд жаңартты

Экспресс К

©AP/Rui VIEIRA

"Манчестер Юнайтед" ойыншысы Роналду гол соғу көрсеткіші бойынша чехословакиялық шабуылшы Йозеф Бицанның рекордын жаңартты.

Бұл туралы prosports.kz сайты жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Англия чемпионатының 29-туры аясында лондондық "Тоттенхэмге" қарсы ойында португалиялық шабуылшы хет-трик жасады. Қазір футболшының еншісінде 806 гол бар. Оның ішінде ол клубта 691, ұлттық құрама сапында жүріп 115 гол салды.

Айта кетейік, көптеген статистикалық ресурс, соның ішінде Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) және Спорт статистикасы қорының (RSSSF) есебінше Бицан мансабында 805 гол соққан. Бірақ Чехия футбол қауымдастығы Битсанның ресми матчтарда 821 гол соққанын айтады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров