COVID-19

Қытайда коронавирус қайта өршіді

Экспресс К

©AP/Ng Han GUAN

Елдің бірқатар қалаларында коронавирус жұқтырушылар саны күрт көбейіп, ел билігі шектеу шараларын енгізді.

Қытайдың бірнеше қалаларында қатаң шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Экспресс К DW агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің 19 облысында бір тәулікте 3100 жаңа жағдай тіркелді. Қытай билігі аурудың одан әрі таралуын болдырмау үшін елдің бірқатар қалаларында шектеу шараларын енгізді. Үлкен қалаларда адамдарға үйден шығуға тыйым салынды.

©AP/Ng Han GUAN©AP/Ng Han GUAN
©AP/Ng Han GUAN

17,5 миллион халқы бар Гуандун провинциясында бір аптаға оқшаулау режимі енгізілді. Тұрғындарға қаладан шығуға тыйым салынды. Барлық қала тұрғындарына коронавирусқа тестілеудің үш кезеңінен өту міндеттелді. Азық-түлікпен, отынмен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін коммерциялық ұйымдардың қызметкерлерң үйден жұмыс істеуге немесе жұмысты тоқтатуға міндетті.

©AP/Ng Han GUAN©AP/Ng Han GUAN
©AP/Ng Han GUAN

24 миллион халқы бар Шанхайда билігі коронавирус жұқтырушылар саны күрт көбеюіне байланысты тұрғындарды қажеттілік болмаса үйден шықпауға шақырады. Жексенбіден бастап Шанхаймен қалааралық автобус қатынасы уақытша тоқтатылды.

Цзилинь провинциясы да карантинге жабылды. Қалада 12 наурыздағы статистикаға сәйкес 2,200-ден астам омикрон штаммын жұқтырған. 9 миллион халқы бар Чанчуньәкімшілік орталығында да шектеулер енгізілді. Яньцзи қаласының тұрғындарына да үйлерінен шығуға тыйым салды.

©AP/Ng Han GUAN©AP/Ng Han GUAN
©AP/Ng Han GUAN

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров