Соғыс

Украинадағы соғыс кезінде қаза тапқандардың саны белгілі болды

Экспресс К

©AP/Vadim GHIRDA

Біріккен Ұлттар ұйымы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс кезінде қаза болған адамдардың санын жария етті.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы Украинадағы соғыс кезінде 596 бейбіт тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының баяндамасына сәйкес.соғыс қимылдары кезінде Украинада 590 адам көз жұмды.

Ресейдің Украинаға қарулы шабуылы басталған күні 2022 жылы 24 ақпанда сағат 04:00-ден 2022 жылдың 12 наурызы жергілікті уақыт бойынша сағат 24:00-ге дейін 1663 бейбіт тұрғын зардап шекті. Оның ішінде 596 адам қаза тауып, 1067-і жараланды,

— делінген хабарламада.

Қаза болғандардың 124-і ер адам, 85+і әйел, 6 қыз және 10 ұл баланың өлімі тіркелді. Сондай-ақ, соғыс кезінде көз жұмғандардың ішінде 27 бала мен 344 ересек адамның жынысы әлі анықталмады.

©AP/Bernat ARMANGUE

Бейбіт тұрғындардың басым көпшілігі жарылғыш заттардан, оның ішінде ауыр артиллериядан, реактив зымырандар мен әуе соққылары салдарынан қаза тапты,

— делінген құжатта.

БҰҰ қаза болғандардың нақты саны бұдан әлдеқайда жоғары деп санайды. Сондай-ақ, соғыс қимылдары жалғасып жатқан кейбір жерлерден ақпарат алу қиын екенін атап өтті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров