Қайрат Сатыбалды

Қайрат Сатыбалды ұсталғанда, қызының Дубайдағы үйлену тойы дүркіреп өтті (видео)

Ержан ШАЙЖАН

Қайрат Сатыбалды/Видеодан кадр

Аса ірі көлемде қаржы жымқырмақ болды деп күдікке ілінген Қайрат Сатыбалдының қызы Аида Сатыбалды мен Жәңгір Түсіпбековтің үйлену тойының видеосы Қазнетте қызу талқыланып жатыр. Той Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен.

Қайрат Сатыбалды қазір уақытша ұстау қапасында отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайрат Сатыбалдының қызының тойының бейнежазбасы әлеуметтік желіде пайда болды. Онда екі жастың үйлену тойының дүркіреп өткенін байқауға болады. БАӘ-де өткен қуанышқа той иелері 7 қабатты тортты арнайы тапсырыспен жасатқан.

"Мына торт менің екі бөлмелі үйім секілді екен", "Қаншама халықтың көз жасы десеңші. Айлық жетпей, жұмыс жоқ. Бұлар Дубайда той жасап жатыр", "Әкесі қамауда отыр, мыналарда ми жоқ екен", "Мына тортқа бүкіл араб халқын тамақтандыруға болады", "Қазақы мақтаныш қалмайды екен", — деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.

"Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау деректері бойынша күдікке ілінген Қайрат Сатыбалды туралы Экспресс К бұған дейін жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров