Депутаттар

Екі аптада Мәжілістен 4 депутат кетті

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Парламенттің төменгі палатасынан депутат Владимир Тохтасунов пен Зүлфия Сүлейменова кетті.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында екі депутаттыыі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қаралды, деп хабарлайды Экспресс К.

Владимир Тохтасунов Мәжіліске Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланған. Ол он шақты жыл Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының әкімі болған.

Ал Сүлейменова былтыр Nur Otan партиясының (қазіргі Amanat) тізімі бойынша Иәжіліске сайланған. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

Өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Арыстан" қызметінде жұмыс істеген Файзолла Қаменов пен Сергей Решетниковтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған еді.

Бүгін осы екеуінің орнына Магеррам Магеррамов пен Гауһар Нұғманова депутат болып сайланды.

Екі депутат та Қазақстан Халық партиясы атынан мандат алып отыр.

Магеррам Магеррамов

Магеррам Магеррамов бұған дейін VI шақырылымда 2016 жылдан 2021 жылға дейін депутат болған.

Гауһар Нұғманова

Ал Гауһар Нұғманова Қазақстан Халық партиясының Екібастұз қаласындағы филилалын басқарған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров