Қаңтар трагедиясы
Қаңтар оқиғасында 20 адам жазықсыз оққа ұшты


©AP/Sergei GRITS
Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттары алдында Қаңтар оқиғасы кезінде болған жағдайдың алғашқы ақпаратын айтты.
Оның айтуынша, қайғылы оқиға барысында еліміз бойынша 230 адам қаза тапқан, деп хабаралйды Экспресс К.
Еліміз бойынша барлығы 230 адам қаза болды. Оның 19-ы қауіпсіздік қызметкері. Шабуыл жасаған 63 адамның көзі жойылды. Енді 53 адамның неден қаза болғаны анықталуда. Сондай-ақ қазір 20 жазықсыз адамның оққа ұшқаны нақты белгілі,
Бұған дейін Бас прокурор депутаттарға қаңтар оқиғасына қатысты эксклюзивті видео көрсеткенін жазғанбыз.
Бөлісу