Дикий Арман

"Дикий" Арманның әйелі күйеуін сатып кеткен өнер жұлдыздарына өкпелі (видео)

Ержан ШАЙЖАН

instagram.com/armandzhumageldiev

Қамауда отырған Арман Жұмагелдиевтің жары Айкөл Әлікжанова журналист Гүлнар Бажкеноваға берген сұхбатында күйеуі туралы біраз жайттың бетін ашты. Оның айтуынша, күйеуінің қасында жүріп, шапағатын көрген танымал азаматтар қиын-қыстау кезеңде қоңырау шалуға да жарамаған.

Арман Жұмагелдиев Алматыдағы қақтығысты ұйымдастырды деп қамауға алынған болатын, деп хабарлайды Экспресс К.

"Адамның кім екені басыңа іс түскенде білінеді екен. Құдай қалап бостандыққа шықса екен. Мен бұған сенемін, үміттенемін. Соңына дейін күресемін. Еліміздегі қаншама танымал адамдар оны құрметтеді, сыйлайтындықтарын айтты. Ол көптеген жұлдыздарға қол ұшын берді, көмектесті. Ал қазір олар құмға сіңгендей жоқ болып кетті. Қоңырауға жауап бермейді. Арманды танымайтын адамдар секілді жүр. Бірақ болашақта барлығы жақсы болады. Сол кезде мен олардың көздеріне қарағым келеді", — деді Айкөл Әлікжанова.

Журналист Гүлнар Бажкенованың Youtube арнасына берген сұхбатында Айкөл Әлікжанова бұдан бөлек күйеуімен қалай танысқаны және Арманның қапастағы қазіргі жағдайы туралы айтты. Оның сөзінше, Арманға жала жабылған. Ол әділдік орнап, күйеуін бостандыққа шығарады деп үміттенеді. Бұған дейін Айкөл Арманды босатуын сұрап, Тоқаевтың атына үндеу жасаған еді.

Экспресс К "Дикийге" арнау айтып, Арман ұсталған соң үнсіз қалған өнер жұлдыздары туралы бұған дейін жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров