Қаңтар трагедиясы

Қаңтар оқиғасы: қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды

Олжас НҰРЖАҚЫП

©AP/Vladimir TRETYAKOV

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәжілісте қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ мәселесіне тоқталды.

Оның айтуынша, қазір көптеген қару заңсыз айналымда, деп хабарлайды Экспресс К.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Десе де әлі басым бөлігі заңсыз айналымда көрінеді.

"Қазір заңсыз айналымда әлі де көптеген қару-жарақ бар. Оны қайтару бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр. Заңсыз қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар жауапқа тартылмайды. Бұл заңмен көзделген. Сондықтан табылған қару-жарақты полицияға тапсыруға шақырамын", — деді министр.

Сондай-ақ, жүргізілген арнайы операция барысында 1 215 қару және 22 мың оқ-дәрі қайтарылған. Тағы 120 қаруды азаматтар өз еркімен тапсырыпты. Жалпы қаңтар оқиғасы кезінде 2800-ден астам қару мен оқ дәрі ұрланған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров