"Дикий Арманның" 14 серіктесі ұсталды


instagram.com/armandzhumageldiev
Бас прокурор Берік Асылов Мәжілісте қаңтар оқиғасына қатысты ұсталғандар туралы айтты.
Қаңтар оқиғасына байланысты 3 770 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде "Дикий Арман" мен 14 серіктесі бар, деп хабарлайды Экспресс К.
Мемлекет басшысы құқық қорғау және арнаулы органдарға, қаңтар оқиғасының себептерін егжей-тегжейлі тергеп-тексеруді тапсырды. Аталған фактілер бойынша, барлығы 3 770 қылмыстық іс қозғалды,
Қылмыстық істердің басым бөлігі Ішкі істер министрлігінің өндірісінде екен. Олар — адам өлтіру; ұрлық; қарақшылық; бұзақылық; қару ұрлау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдану фактілері бойынша 234 істі жүргізуде.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті: — мемлекетке опасыздық жасау, — билікті басып алуға әрекет ету және — аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 істі тергеуде.
Бұл істер бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және оның 3 орынбасары, сот санкциясымен қамауға алынды. Осы органның тағы 2 басшысы, билікті асыра пайдалану күдігімен, қылмыстық жауаптылыққа тартылды,- дейді Бас прокурор.
Ол қазір қалмаған күдіктінің саны — 766. Көбі 30 жасқа дейінгі жұмыссыз, жоғары білімі жоқ жастар деп айтты.
Соның ішінде 19-ы диструкивті ағымдарды ұстанатындар, 27-і адам — тыйым салынған экстремистік ұйымдарға жатады. 24-і — қылмыстық топ мүшелері, 113-і қылмыс жасағандар.
Қылмыс жасағандардың қатарында бұрын кісі өлтіріп, ұрлық жасағандар бар. Мысалы, ұсталғандардың бірі — "Дикий Арман" деп атанып кеткен Арман Жұмагелдиев. Оның тобындағы 14 адам ұсталды. Олар оп-оңай әртүрлі қылмыстарға барған,
Бөлісу