Тілге құрмет

"Тілдеріңді үйреніп алыңдар": Орыс қызы ашуына тигендерге жауап берді (видео)

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде қазақшаға судай Марина есімді өзге ұлт өкілінің бейнежазбасы тарады.

Видео Instagram-дағы mamochki_shalkar парақшасында жарияланған, деп хабарлайды Экспесс К.

Бейнежазбада сары шашты әйел бір адамдардың өзін ашуландырғанын айтады.

Мені жындандырған бір кісілер. Маған "Қазақстанда сен кімсің, Ресейіңе қайт" дейді. Сендер кімсіңдер? Ең бастысы мен сияқты нағыз қазақша сөйлей алатын адамдар бар ма? Бар. Өте көп. Иә, менің есімім Марина. Оған қарағанда Қасымбек, Жомарт деген кісілер мүлдем қазақша сөйлей алмайды. Сондықтан жандарым, күндерім, бірінші өздеріңнің тілдеріңді үйреніп алыңдар. Одан кейін анда қайт, мында қайт деп айтасыңдар. Білдіңдер ме?" — дейді Марина.

Бейнежазбаға желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Бірі "ұлты орыс болғанымен жаны қазақ болар Маринаның", "Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады" десе, енді бірі Маринаның қазақшаға судай екеніне риза болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров