Қайрат Сатыбалды

Қайрат Сатыбалды – өте билікқұмар адам - Нумеролог

Есен ҮРКІМБАЙ

Қайрат Сатыбалды

Отандық нумеролог Нұрсұлтан Назарбаевтың қамауға алынған немере інісінің туған күні мен жылына талдау жасап, оның болмысы туралы айтты.

Қазақстандық нумеролог Қайрат Сатыбалдының қандай адам екені туралы жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Саяси тұлғалардың болмысы мен адами қасиеттеріне талдау жасап, оны жұрт талқысына ұсынып жүрген нумеролог Ақбота Әбілтай Қайрат Сатыбалды туралы ойын ортаға салды. Бұл туралы ол өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.

facebook.com/akbota.abiltayfacebook.com/akbota.abiltay
facebook.com/akbota.abiltay

"Туған жылы 16.05.1970. Мыңдық белгісі бар: 2911. Екі жетілігі бар, жолы болғыш. Үйдің емес, түздің адамы. Матрицасында төрт бірлігі бар. Чакралараның ішінде ең мықтысы — Манипура. Өте властный адам. Ешқашан ешкімнің дегенімен жүрмейді. Қарсыласқан кез-келген адамның мысын басып жібере алады. Жақындарына бұл кісінің дегенімен жүргеннен басқа жол жоқ. Таза бизнес пен биліктің адамы. Эгоистік-лидерлік қасиеті бар. Ешқандай құндылық: отбасы да, қарыз бен парызда, басқасы да ішкі "менінен" жоғары емес. Харизмасы өте жақсы", — деп жазды нумеролог Ақбота Әбілтай.

Нумерологтың сөзінше, Қайрат Сатыбалды өте эмоционалды, бәрін эмоциямен қабылдайды, эмоциямен қимылдайды, эмоциямен жауап береді. Бұл кісінің ең үлкен екі жауы — эго мен эмоция көрінеді.

Мінезден кейінгі мықты тұсы — интеллект, аналитика. Интеллектуалдық бағыттағы алымы жақсы. Үш тоғыздығы бар. Бір мезгілде көп ақпаратты қабылдай алады, игере алады. Бірақ түйінін шығаратын кезде қиналады. Себебі ойында жинақылық жоқ,

— деді нумеролог.

Экспресс К бұған дейін күштік құрылымдар Қайрат Сатыбалдының Алматы әуежайында қамауға алғаны туралы жазды. Оған "Қазақтелеком" АҚ қаржысын жымқыруға қатысы бар деген айып тағылды. Сонымен бірге, басқа да қылмыстық істерге қатысы бары үшін тексерілетіні айтылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров