Қаңтар трагедиясы
Полицейлерді тергеу объективті болуы үшін басқа органдарға берілді - министр


Марат Ахметжанов
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қаңтар оқиғалары кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланған полицейлер туралы айтты.
Тергеу объективті болуы үшін тәртіп сақшыларына қатысты істер басқа орғандарға берілген, деп хабарлайды Экспресс К.
Қызметкерлердің өкілеттігін асыра пайдалану деректеріне қатысты шағымдар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу объективті болуы үшін, бұл істер прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді,
Министр тергеу амалдары міндетті түрде бейнекамераға жазылып жатқанын айтты. Оған қорғаушылар да қатысуда екен.
Осылайша, ол үш сатылық бақылау арқылы процестің әділеттігі қамтамасыз етілуде. Күдіктілердің конституциялық құқықтары толығымен сақталған.
Бұған дейін Қаңтар оқиғасында 20 адам жазықсыз оққа ұшқанын жазғанбыз.
Бөлісу