Newscorr

Newscorr: Қаңтардағы қырғын кезіндегі мародерлардың жаңа видеосы пайда болды

Экспресс К

Видеодан кадр

Бейнежазбаға Алматыда 5-ші қаңтар күнгі берекетсіздік кезіндегі қарулы топтың әрекеті түсіп қалған. Мұнда мұздай қаруланған 5 адам шағын несие беру ұйымының кеңсесін тонап жатыр.

Оқиға Алматы қаласы, "Ақсай" ықшамауданында болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға жолданған бейнежазбада мародерлар Момышұлы көшесінің бойында орналасқан "Займер" микро қаржы ұйымы кеңсесінің есік-терезесін қиратып, ішіне кіріп жатқаны көрінеді. Бес адам да беттеріне бетперде тағып алған. Ал қолдарында винчестерлер мен карабин мылтықтары. Қимылдары нақты әрі жоспарлы. Үшеуі ғимарат ішіне кірсе, қалған екеуі сыртта қарауылдап тұр. Жәй көшеде келе жатып дүрмекке араласып кеткендердің әрекетіне ұқсамайтыны анық байқалады.

Еске салсақ, бүгін Бас прокуратура қаңтар трагедиясы кезіндегі статистикалық мәліметтерді жария етті.

Еліміз бойынша 50 мың адам митингке шыққан, оның 30 мыңы Алматыда. Сондай-ақ 765 автокөлік өртелген және 2891 дана мылтық ұрланған. Әзірге оның үштен бір бөлігі ғана табылыпты.

Жалпы қаңтардағы қырғын кезінде 230 адам қаза болған. Оның 19-ы полицейлер мен әскери қызметкерлер.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров