Жанар Айжанованың ажырасқан қызы: "Бала күтуші жалдамаймын" (видео)

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/zhanar_aizhanova_officiall

Айжұлдыз Адайбекова осы уақытқа дейін сәбиіне бала күтуші жалдамапты.

Актриса, дизайнер Айжұлдыз бала тәрбиесі ананың құрсағынан басталатынын Экспресс К тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Айжұлдыз былтыр жас режиссер Қыран Талапбекпен ажырасып кеткен еді. Онысын актриса желіге жазған. Содан бері Жанар Айжанованың қызы бір жасар баласын өзі бағып-қағып отыр. Айжұлдыздың пікірінше, сәбиді тәрбиелемес бұрын ата-ана алдымен өзін тәрбиелеу қажет екен.

"Мен баламды тәбиелемес бұрын, өзімді тәрбиелеймін. Себебі бала бәрі-бір анасының кез-келген қылығын қайталайды. Сол үшін ең біріншгі ата-ана өзін тәрбиелеу керек деп түсінемін. Өзім аяғым ауыр кезден бастап, тоғыз ай бойы медитация жасадым. Медитация — өмірімізді жақсартуға септігін тигізетін жақсы әдістің бірі. Ол рухты көтеруге, жүйкені тыныштандыруға көмектеседі. Балаға ішкі еркіндік қажет. Біз оған тек дұрыс бағыт берушіміз. Сондықтан өмірде еш нәрседен қорықпау керек. Тек ағысқа қарсы жүзу қажет", — дейді Айжұлдыз Адайбекова.

Айжұлдыз ұлының бар жағдайын жасауға тырысады. Тіпті тұңғышына киім аларда өзіне қарағанда көп қаржы жұмсайтынын айтады. Дегенмен қазір актрисаның жұмыс кестесі тығыз. Ол жастарды жігерлендіретін тренинг өткізіп жүр. Айжұлдыз тренинг сабақтарына табыс табудың көзі емес, хобби ретінде қарайды.

"Мен бизнес ретінде қарамаймын. Ол менің хоббиім. Егер табыс табуды көздейтін болсам, онда ешқандайда нәтиже қол жеткізе алмайтыным анық. Сондықтан кез-келген істі тек хобби деп қарауға тырысамын", — дейді актриса.

Айжұлдыз шетел аралап, тренинг өткізетін кезде жалғыз ұлын анасына сеніп, қалдырып кетеді екен. Ол бала күтуші жалдамайтынын кесіп айтты. Себебі, оның қызметіне мүлдем сенбейді.

"Бала бағатын адамдарға сенбеймін. Анамның әпке-сіңлілері бар. Жұмыс бабымен бір жерге баратын болсам сол кісілерге сеніп, қалдырып кетемін. Бәрі жан-жақтан көмектеседі. Мен тіпті бала күтуші жалдауды ойламаппын,

— дейді Айжұлдыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров