Қаңтар трагедиясы

Жергілікті құқық қорғау органдары тергеуге кедергі келтіріп отыр - Абзал Құспан

Олжас НҰРЖАҚЫП

Абзал Құспан/facebook

Адвокат Абзал Құспан Мәжіліс отырысында қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың ісіне қатысты пікірін білдірді. Ол Президент, Бас прокуратура және Мемлекеттік хатшы комиссия жұмысына қолдау білдіргенімен, жергілікті құқық қорғау органдары кедергі болып отырғанын айтты.

Әрі осы мәселеге мән беруді сұрады, деп хабарлайды Экспресс К.

Жергілікті құқық қорғау органдары тарапынан кедергілер болып отыр. Олар бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінбейтін сияқты. Менің жазбамда нақты олардың кімдер екені түгелдей жазылды,

— деді адвокат.

Сондай-ақ, ол қаңтар оқиғасының дайындықпен ұйымдастырылғанына да тоқталды.

"Бір мезетте бүкіл ел қалаларында басталуы, нақты билік ғимараттарын басып алуға шеруге шыққан адамдарды үгіттеуі айқын дәлел. Біз қамауға алынғандармен жеке тілдестік. Солардың аузынан шыққан сөзге қорытынды жасай отырып, көшеге шыққан адамдардың арасында арандатушылардың болғаны, олардың орталықтандырылған түрде мақсатты жұмыс жасағанына көзіміз жетті", — деді Абзал Құспан.

Еске салайық, ЭК бұған дейін мәжіліс отырысында ішкі істер министрінің ұрланған қару-жараққа байланысты пікірін жазған болатын. Марат Ахметжанов өз еркімен қайтарған азаматтар жауапкершілікке тартылмайтынын айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров