Қаңтар трагедиясы

Қаңтар оқиғасында ұсталған шетелдіктердің басым бөлігі - Өзбекстан азаматтары

Бек ТӨЛЕУОВ

©AP/Vladimir TRETYAKOV

Мәжілісте қаңтар оқиғаларын талқылау барысында депутаттар қанша шетелдік ұсталғанын сұрады.

Осы ретте Бас прокуратураның өкілі Серік Шалабаев 19 шетелдік қамауға алынғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

"Бізде қылмыстық өндіріс бойынша 19 шетелдік азаматы бар. Оның ішінде 11-і Өзбекстан азаматы. Ал қалған 8 азаматьың төртеуі рескйліктер болса, екеуі Қырғызстаннан. Бір-бір адамнан Қытайдан және Тәжікстаннан. Бұл азаматтардың іс-әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және ұрлық, басқа да қылмыстармен дәлелденген. Әрине, бұл түпкілікті дерек емес" деді Серік Шалабаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров