Қаңтар трагедиясы

Депутат қаңтарда қаза болған 230 адамның тізімін жариялауды талап етті

Бек ТӨЛЕУОВ

©AP/Sergei GRITS

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева қаңтар оқиғасынан қаза тапқан 230 адамның аты-жөнін атауды сұрады.

Ол Бас прокуратурадан жауап беруді талап етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Біздің қоғам қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың есімін білгісі келеді. Сонымен қатар олар қалай жан тәсілім еткенін анықталғанын қалайды. Соны талап етіп отыр. Әзірге әлеуметтік желіде еріктілер мұндай тізімді өздері жазған,

— деп депутат қолындағы тізімді көрсетті.

Оның айтуынша, "Қаңтар 2022" деген сайт ашылып, қайтыс болғандар туоалы ақпарат сонда салынып жатыр. Енді Бас прокуратурадан ресми мәлімет керектігін айтты.

Қоғамға сенімді және ресми ақпарат жеткізуіміз қажет. Азаматтардың есімін жасыру дұрыс емес. Сондықтан менің сұрағым — қайтыс болғандардың тізімін қашан жариялайсыздар?,

—деді депутат.

Бас прокурор еріктілердің жасаған тізімін зерделегенін айтты.

Бірақ толық дұрыс деп айта алмаймыз. Шикіліктер бар. Ал біз анықтағаннан кейін ғана жариялаймыз,

— деді Берік Асылов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров