Кәрім Мәсімов

Кәрім Мәсімовті 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Бек ТӨЛЕУОВ

Кәрім Мәсімов / Коллаж ЭК

"Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша қамауға алынған бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов 17 жылға сотталуы мүмкін.

Бұл туралы Мәжілісте қаңтар оқиғаларын талқылау барысында Бас прокурор Берік Асылов айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Мәсімов пен үш орынбасары қамауға алынды. Оған сот органдары баға береді. Егер жасаған қылмыстары дәлелденсе, Қылмыстық кодексте 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу әлі жалғасуда,- деді Бас прокурор.

Еске салайық, бұған дейін ЭК Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 2 айға қамауға алынғанын жазған болатын. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2001-2006 жылдар аралығында басқарған Нартай Дүтбаев "мемлекетке сатқындық жасады" деген баппен қамауға алынған Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен тұтқындалған Мәсімовтің америкалық сыбайласы жайлы ақпарат та тараған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров