Айман Омарова

ҰҚК бір қала тұрғындарын мүгедек етуге жеткілікті улы заттар қолданған - Омарова

Бек ТӨЛЕУОВ

Айман Омарова

Адвокат Айман Омарова қаңтар оқиғалары кезінде калий цианиді бар бірнеше бөшке ұрланғанын айтты.

Мұндай улы заттың 500 граммы қала тұрғындарын жаппай мүгедек қылуға жеткілікті, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол осы ретте қордайлық кәсіпкер Есбол Жапбасов пен Шығыс Қазақстан тумасы Ғалымжан Нақбаевқа қатысты қылмыстық істерді мысалға келтірді.

"Нақбаевтың ісі бойынша қоймадан күшті әсер ететін улы заттар, калий цианиді бар бірнеше бөшке ұрланған. Бұл заттың 500 грамы бүкіл бір қала тұрғындарын мүгедек қылуға жеткілікті. Зауытта шамамен 35 бөшке болған. Одан бөлек, қоймаларда күйдіргіш сода, азот қышқылы және басқа да химиялық заттар ұрланған. Бұл істердің барлығының артында ҰҚК қызметкерлері тұрған", — деді заңгер.

Ол қоймалардан күшті әсер ететін улы заттардың ұрлануына Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қатысы бар екенін айтты.

Заңгер әрі "Ақиқат" қоғамдық комиссиясының жетекшісінің айтуынша, қаңтар оқиғасының шын мақсаты — билікті күшпен басып алу, ол үшін алдын ала ақпарат дайындау жұмыстары жүргізілген.

"Олар ақпараттық дайындықты бірнеше бағытта жүргізген деп айтуға болады. Мәселен: биліктегі Президентті қоғамның, халықтың көз алдында дискреттеу. Президент туралы жағымсыз пікір қалыптастыру үшін БАҚ, соның ішінде әлеуметтік желілер құру. Президент тапсырмаларына кейбір шенеуніктердің қасақана іріткі салу",- дейді Айман Омарова.

Ол осы ретте қордайлық кәсіпкер Есбол Жапбасов пен Шығыс Қазақстан тумасы Ғалымжан Нақбаевқа қатысты қылмыстық істерді мысалға келтірді.

"Нақбаевтың ісі бойынша қоймадан күшті әсер ететін улы заттар, калий цианиді бар бірнеше бөшке ұрланған. Бұл заттың 500 грамы бүкіл бір қала тұрғындарын мүгедек қылуға жеткілікті. Зауытта шамамен 35 бөшке болған. Одан бөлек, қоймаларда күйдіргіш сода, азот қышқылы және басқа да химиялық заттар ұрланған. Бұл істердің барлығының артында ҰҚК қызметкерлері тұрған", — деді заңгер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров