Қант

Ақтөбе әкімдігі қантқа таласқандарға жауап берді (видео)

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Соңғы екі-үш күнде Ақтөбе жұртшылығы дүкен сөрелеріндегі қантты талап алып жатыр. Тіпті әлеуметтік желіде тәттіге таласқандардың видеосы тарады.

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасы өңірде қант тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Басқарма басшысы Нұрхан Тілеумұратов тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ екенін айтты.

"10 наурыз күні БАҚ-та және әлеуметтік желіде көрші мемлекеттің азаматтары Орал мен Ақтөбе қаласындағы дүкендерден азық-түлік тауарларын сатып алып жатқаны туралы жалған ақпарат тарады. Осы хабар шыққанан кейін 11-12 наурыз күндерінде жергілікті тұрғындар қантты мол қылып сатып алуға тырысты. Нәтижесінде сауда желілерінде қанттың сатылымы 4-5 есе өст"і, — деді басқарма басшысы.

Мәселен, ірі сауда желілерінде өзге күндері 1,5-2 тонна қант сатылатын болса, соңғы 3-4 күнде күніне 10 тоннаға дейін сатылған.

Көрші Ресей елі астық пен қанттың экспортына уақытша шектеу қойды. Соның салдарынан 12-ші наурызда қант бағасы өскен.

Сауда желілері әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, сатып алған бағаға 5 пайыз ғана үстеме қосып жатыр. Жалпы заңға сәйкес олардың 15 пайызға дейін үстеме қосуына құқы бар. Қазір бағаны құзырлы органдар тексеріп жатыр. Облыста қант тапшылығы жоқ,

—деді басқарма басшысы.

Қаладағы ірі екі сауда желілерінің қоймаларында 260 тоннадан аса, ал тұрақтандыру қорында 200 тоннадай қант бар. Елімізде тәттінің бұл түрі Жамбыл және Алматы облыстарында өндіріледі. Алайда олар сұранысты толық қамти алмайды. Сондықтан қанттың бір бөлігі Ресей мен Беларуссиядан келеді. Қазір жолда 10 вагон, яғни 600 тонна қант келе жатыр.

Басқарма басшысы елді дүрлікпеуге шақырды. Қазір қанттың бір келсі 310-368 теңгеден сатылып жатқанын айтты. Алайда әлеуемттік желіде кейбір аудандарда бағаның шарықтап кеткені жазылды. Тіпті бір өңірде 600 теңгеден сатылған. Нұрхан Тілеумұратов бұндай ақпаратты естімегенін, бағаға жергілікті билік пен кәсіпкерлік басқармасы жауапты екенін айтты. Тұрақтандыру қорынан аудандарға да қант жіберу жағы қарастырылып жатыр екен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров