Қазақтелеком

“Қазақтелекомның” Алматыдағы бас кеңсесінде тінту жүріп жатыр (видео)

Ержан ШАЙЖАН

©ЭК/Ержан ШАЙЖАН

Алматыдағы “Қазақтелеком” АҚ-ның бас кеңсесіне Антикор тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Экспресс К тілшісі компанияның бас кеңсесіне барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты.

©ЭК/Ержан ШАЙЖАН

Алматыдағы бизнес орталығының 4-5 қабатында орналасқан кеңсеге тінту жұмыстары сағат 11:30 шамасында басталған. Қазір кеңсенің есігін құзырлы орган қызметкерлері жауып, күзетіп тұр.

Сағат 11 жарым шамасында келді. "Қазақтелеком" 4-5 қабатта отырады. Қазір 5-ті тексеріп жатыр, 4-ке әлі келмеді,

— деді күзетші.

Экспресс К қаладағы "Қазақтелеком" АҚ-ның тағы бір кеңсесіне барды. Ол жақта қызметкерлер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы компания басшылығы да мәлімдеді.

Кейінірек ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Экспресс-К тілшісіне тінту жұмыстары жүріп жатқанын растады.

"Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлады деген айыппен Қайрат Сатыбалды ұсталған болатын. Қазір Елбасының немере інісі тергеу қапасында отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров