Балабақша

Қызылордада балабақшаның жөндеуін жүргізген бала күтушісі жазым бола жаздады

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Ақерке бөбекжай - балабақшасы

Қызылорда облысына қарасты Қазалы ауданындағы Ақерке бөбекжай - балабақшасында жөндеу жүргізіп жатқан бала күтушісі биіктен құлап түсті. Жазатайым оқиғадан жарақат алған қызметкер ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.

Экспресс К тілшісі қазір аурухана төсегіне таңылған балабақша күтушісінің хал-жағдайын сұрап білді.

Зардап шеккен бала күтушісі Бақытгүл Сағынбаева әлі де басының ауырып, адамдармен ұзақ сөйлесе алмайтын хәлде екенін айтады. Оның айтуынша басшылары қызметкерлерді балабақшаның жөндеу жұмыстарына жегіп қойған. Тіпті сенбідегі демалысымызға қарамай, соның тапсырмасымен ғимаратты ақтап-сырладық дейді.

Сатыға мініп, жоғарыдағы құбырларды сүртейін дегенмін. Бірақ саты жылжып кетіп, кафельге бетпен құладым. Қатты ауырсындым. Әлі де өзіме келе алмай жатырмын.

—дейді Бақытгүл Сағынбаева

Бақытгүл СағынбаеваБақытгүл Сағынбаева
Бақытгүл Сағынбаева

Бақытгүлдің айтуынша содан кейін үсті-басы көк ала қойдай болып көгерген. Әсіресе бетім және аяқ-қолымнан қатты зақым алдым дейді ол. Қазір әлі де жұмысқа жарамайтынын айтады. Сондықтан әзірге болған жағдайға байланысты ешқайда арызданбапты.

Экспресс К тілшісі балабақшаның меңгерушісіне байланысып, жөндеу жұмыстарына неліктен бала күтушілерін салып қойғанын сұрап көрді. Меңгеруші балабақшада техникалық қызметкерлер қарастырылмаған дейді. Ал Бақытгүл мен басқа да күтушілер сол күні тек тазалық жұмыстарымен айналысты деп отыр.

Біз жұмыс күндері балалар болғандықтан жұмыс істей алмаймыз. Көктем келген соң ішті тазалату керек болды. Күтушілер бір жағынан тех қызметкерлерге жатады.

— дейді меңгеруші Рабиға Көптілеуқызы

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров