Newscorr

"Барып кел, алып келмен" айналысатын шабармандар өлімнен де қорықпайтын болған

Экспресс К

Видеодан кадр

Курьерлік қызметпен айналысушылар жол ережесін жиі бұзады. Ал оларға жұмыс берушілер қызметкерінің өмірінің қауіпсіздігіне бас та қатырмайды.

Ал жол ережесін өрескел бұзудың соңы кісі өліміне әкеліп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға видео жолдаған тұрғын моторолик, скутер және самокаттармен тасымал жасайтын шабармандардың әрекетін бірнеше күн бойы бақылаған. Ол өзі түсірген бейнежазбаларда аталған көлікпен жүретін курьерлердің біресе автожолға түсіп, біресе жаяу жүргіншілер жолына өтіп қалай болса солай, емін-еркін жүре беретіндіктерін дәлелдеді.

Видео авторының айтуынша оларға ешкім тоқтау салмайды. Кейде жаяу жүргіншілер жолында адамдарды қағып кетеді. Ал басы мен қол аяғына ешқандай қорғауыш киім кимейтіндіктен автожолда өздері де құрбан болып жатады екен. Сондықтан автор курьерлерді жалпы бір ережеге бағындырып, жол ережесін бұзғандарына қомақты айыппұл салу керек деген ұсыныс айтып отыр.

Еске салсақ 2 млнға жуық тұрғыны бар Алматы қаласында курьерлік қызметпен айналысатын жүздеген мекеме бар. Ал пандемия басталғалы олардың қатарына азық-түлік, даяр тағам, дәрі-дәрмек, тіпті киім-кешек жеткізшуілер қосылған болатын. Олар негізінен скутер, самокат, велосипед тб көліктерді пайдаланады.

Анықтама: Тек 2021 жылдың өзінде 500-ден астам тамақ тасушы курьер жол-көлік апатынан зардап шегіп ауруханаға түссе, 4-і қайтыс болған.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров