Қайрат Сатыбалды

Антикор Сатыбалдының қаңтар оқиғасына қатысы туралы айтты (видео)

Бек ТӨЛЕУОВ

"Қазақтелекомның" қаражатын аса ірі көлемде ұрлау дерегі бойынша ұсталған Қайрат Сатыбалдыға қатысты жаңа ақпарат шықты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Қайрат Сатыбалдының Дубайға жол жүретін тұста ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайрат Сатыбалды бір күн бұрын Дубайға ұшпақ болған, оны Алматы әуежайында ұстадық, — деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, 14 наурызда "Қазақтелекомның" Алматы мен Нұр-Сұлтандағы кеңселері тінту жүргізіледі.

"Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Қайрат Сатыбалды ісі бойынша куәгер. Одан бір күн бұрын жауап алынған,

— деді Антикор басшысы.

Осы ретте Олжас Бектенов Қайрат Сатыбалдының қаңтар оқиғасына қатысы жоқ екенін, "Қазақтелекомнан" ұрланған миллиардтарға қатысты күдікті ретінде ұсталғанын айтты.

Ал Бас прокурор Берік Асылов қатысы бар-жоғын білмеймін деді.

Айта кетейік, бұған дейін Сатыбалдының "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау деректері бойынша ұсталғанын жазғанбыз. Соңғы мәліметтерге сенсек, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров