Амал мерекесі

Елімізде Амал мерекесі тойланып жатыр (видео)

Есен ҮРКІМБАЙ

© ЭК

Бүгін еліміз бойынша Амал мерекесі тойлануда. 13 наурыз күні Маңғыстау облысындағы Отпантауда "Бірлік оты" жағылып, бүгін жергілікті халық бір-бірімен көрісу рәсімін жасады.

Еліміздің батыс аймақтарында амал мерекесі тойланып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Жыл сайын наурыз айында дәстүрлі түрде аталып өтетін биыл да дәстүрлі түрде жалғасын табуда. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында кеңінен аталып өтетін халқымыздың ежелгі дәстүрін ерекше сипатта дәріптелуде.

Жыл сайын Амал мерекесінде Маңғыстау облысындағы Отпантауда бірлік оты жағылды. Өкінішке қарай, еліміздің әр өңірінен адамдар келіп қатысатын үлкен рәсім ұйымдастырылмады. Дегенмен,көрісу рәсімі тұрғындар арасында, тіпті іргелі еңбек ұжымдарында кеңінен өтіп жатыр.

© Талант ҚҰСЙЫН© Талант ҚҰСЙЫН
© Талант ҚҰСЙЫН

Ырым бойынша бірлік оты жағылғаннан кейін ынтымақ артады түседі. Соның арқасында мамыражай өмір болып, халық бақытты ғұмыр кешеді деген наным бар.

© Талант ҚҰСАЙЫН© Талант ҚҰСАЙЫН
© Талант ҚҰСАЙЫН

Маңғыстау облысында бұл күні еңбек ұжымдарында түскен дейін бейресми түрде ауқымды шаралар өтеді. Барлық қызметкерлер ұлттық киім киіп, таңмен бірге бір-бірін құттықтайды. Бұған басқа этнос өкілдері белсене қатысады. Мәселен, Жаңаөзен қаласындағы "Өзенмұнайгаз" АҚ еңбек ұжымында әрбір департамент киіз үй құрып, дастархан жайып, өзара мерекелік думан өткізеді. Бұл үрдіс бірнеше жылдан бері әдетке айналып, жұрт асыға күтетін мейрамға айналған.

"Өзенмұнайгаз" АҚ фейсбуктегі парақшасынан"Өзенмұнайгаз" АҚ фейсбуктегі парақшасынан
"Өзенмұнайгаз" АҚ фейсбуктегі парақшасынан

Ақтаудағы барлық мекемелер бірге жоғары оқу орындары көрісу рәсімін ерекше сипатта жалғастырды. Айта кететін бір жайт, ұжымдардан бөлек жалпы халық арасында да мерекеге ерекше мән береді. Таңмен таласа тұрып үлкендерде бастап кішіге дейін көрісуді өзінің парызы санайды. Бұл күні көшеден ұлттық киімдегі қыз-келіншектерді, кимешекті әжелерді жиі ұшырастыруға болады.

Амал мерекесі Ақтөбе облысында да таңмен таласа басталды. Игі дәстүрмен көпшілік қаладағы автобус маршруттарында ұлттық киімде жолаушылармен көрісіп, бірқатары өнер көрсетіп көпшіліктің көңілін көтерді.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Бұл күні студенттер қауымының бір парасы Амалды айрықша атап өткені айтылды. Көшеде көрісіп, өнер көрсеткен.

Батыс өңірлерде кеңінен тойланатын мейрам өзге де өңірлерде аталып өтііп жатыр. "Көрісу күні" деген атпен көпшілік арасында кеңінен насихаттала бастаған мейрамды Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынан бөлек Шымкент, Қарағанды, Алматы өңірлері де атап өтіп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров